"Орныңызды босатыңыз": Айгүл Орынбек қала әкіміне шүйлікті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Орныңызды босатыңыз": Айгүл Орынбек қала әкіміне шүйлікті

"Орныңызды босатыңыз": Айгүл Орынбек қала әкіміне шүйлікті

Белгілі заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек Арыс қаласының әкіміне шүйлікті.

  • 13 Мамыр 2019
  • 182
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Өздері жұмыс істей алмайды, ақпараттың растығын сұрасаң, өзіңе келіп қысым жасайды!
Арыс қаласында 21 мың теңге алу үшін қиналған аналардың видеосын салғаным, біреулер үшін ауыр тиді ау!
Әсіресе жұмыс істей алмайтын жергілікті атқарушы билікке қатты соққы болған көрінеді. "Постыңды алып таста, сені оқитын адам көп"- деп жан жақтан қысым жасауда!
Біздің шенеуніктердің жұмыс істей алмайтындығының тағы бір көрінісі!
Қорқыту, үркіту, ата бабаңды қазу, шыққан жеріңді айту!
Сонда шырылдап жатқан халықтың үні жоғары жаққа жетпеу керек!
Бұларға салсаң қара халық кінәлі! Халық сауатсыз, халық жабайы, халық тәртіпке бағынбайды!
Ия Аллаға шүкір әйел өлмепті тірі екен, сол аналарды солай сандалтып қоюға кім рұқсат берді?!
Цифрлы дамыған Қазақстан әйелдердің көбісі өз есеп шотына ақша түскенін, түспегенін білмейді. Кейбірінің тіпті ИИН қате теріліп, ақшалары басқа адамға аударылып кеткен. Проблема жоқ емес бар! Сол проблеманы көтеріп отырған біз сияқты белсенділердің аузын жапқанша, жұмыс істеп халықтың жағдайын жасаңдар!
Менің аузымды жапқан мен халықтың аузын жаба алмайсыңдар!
Ал Арыс қаласының әкіміне "2" деген баға берем! Жұмыс істей алмайсыз ба? Орныңызды босатыңыз, әркімді маған қарай жұмсай бермей!
Маған шағым келіп түстіме мен де өз тарапымнан реакция көрсетуім керек", — деп жазды ол.

Соңғы жаңалықтар