Өрт болған жүк пойызында бос вагондар тіркелген
Жексенбі күні сағат 8.50-дің шамасында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында «Өскемен-Шар» темір жолының 79-шы шақырымында жүріп бара жатқан жүк пойызының тепловозынан өрт шықты. |
Өрт 10 шаршы метр аумаққа жайылды.
Төтенше жағдайлар қызметінің ақпараты бойынша, 57 бос вагон тіркелген бұл пойыз «Жаңа Өскемен стансасы -Шар» бағытында кетіп бара жатқан. Бұдан бұрын хабарлағандай, төтенше оқиғаның салдарынан «Защита-Алматы» жолаушылар пойызы 1 сағат 35 минутқа кідіріп қалды.
Қазір өрттің шығу себебі анықталуда. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін