«Біз үшін бұл бастама тиімсіз. Мен бұны осы тақырыпты бұдан әрі қозғай бермеу үшін мәлімдеп отырмын», — деді И. Кәрімов.
«Бұл тақырыпты талқылауға болады. Алайда әр елдің бұл бастамаға көзқарасы сол елдің терең мүдделерінен шығады», — деп атап көрсетті Өзбекстан басшысы.
«Біріншіден, мемлекеттер арасында одақ құру үшін олардың экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштері деңгейлес болуы керек. Екіншіден, бұл елдердің саясаты қайшылықты болмауы шарт», — деп түсіндірді өз ұстанымын И. Кәрімов.
«Сондықтан біз қазір осы мәселе жайында айтқанымызбен Орта Азия елдерінің дамыс деңгейлері бір-бірімен тең келмейді. Қандай да бір одақ туралы айтуға әлі ерте», — деп атап көрсетті ол.
«Оның үстіне біз бұл сатыдан бұрын да өткенбіз. 1998 жылы Орта Азиялық экономикалық одақ құрылған. 2001 жылы ол Орта Азия одағы болып қайта құрылды және 2005 жылы ол одақ өмір сүруін тоқтатып, оған кірген мемлекеттер Еуразиялық экономикалық қоғамдастығына бірікті», — деді И. Кәрімов. «Айтарым: бұл Одақты тірілтуге ұмтылыстар, күш-жігерлер көп жұмсалған. Бірақ, өкінішке орай, жекелеген ұмтылыстар сол кезде қақтығысқа ұласқан» — деп атап көрсетті Өзбекстан президенті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті