Орта Азияның су-энергетикалық бірлестігін құру жөніндегі соңғы шешім сәуір айының соңында Бішкекте қабылданады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орта Азияның су-энергетикалық бірлестігін құру жөніндегі соңғы шешім сәуір айының соңында Бішкекте қабылданады

Орта Азияның су-энергетикалық бірлестігін құру жөніндегі соңғы шешім сәуір айының соңында Бішкекте қабылданады

Астана. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Орта Азияның су-энергетикалық бірлестігін құру жөніндегі соңғы шешім сәуір айының соңында Бішкекте қабылданады. Бұл туралы қазақ-қырғыз үкіметаралық комиссиясының отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 17 Сәуiр 2008
  • 486
Фото - Caravan.kz

«Біз су-энергетикалық бірлестігін құру мәселесін қарастырдық және Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан республикалары арасында төртжақты келісімге қол қою мүмкіндігін талқыладық. Сәуірдің 29 — 30 күндері Бішкекке жиналып, соңғы шешім қабылдауды жоспарладық», — деді вице-министр.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР президенті ресурстарды біркелкі бөлу және өзара тиімді пайдалану мақсатында 2003 жылы өңірдің барлық елдеріне су-энергетикалық бірлестігін құруды ұсынған. Алайда бұл идеяны іс жүзіне асыру қадамдары әзірге жасалған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті