Жарияланды: 460

Орталық Азия елдері аймақты су тапшылығы мен аштықтан қорғау үшін «жасыл» экономикаға көшуі тиіс - сарапшы

Орталық Азия елдері қоршаған ортаны сақтауға мүмкіндік беретін «жасыл» экономикаға көшуі тиіс. Бұл туралы қазақстандық сарапшы, «Жасыл көпір» халықаралық серіктестік бағдарламасын даярлау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Болат Есекин мәлем етті.

«Қазақстан ұсынып отырған «Жасыл көпір» бойынша, экологиялық жобалар мен экономиканың нақты секторы арасында байланыс күшейтілуі тиіс. Басқаша айтқанда, бизнескеқоршаған ортаны қорғау тиімді болатындай етіп жағдай жасалады», - деді ол жұма күні журналистерге Орталық Азия елдерін тұрақты дамыту жөніндегі халықаралық комиссия отырысының үзілісінде. Сарапшының айтуынша, экологиялық мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін көршілес мемлекеттер өкілдері толық түсінеді. Оның пікірінше, қазірден бастап экономиканы «жасылдандырмасақ», бізді «су тапшылығы, аштық, миграция мен аурулар күтіп тұр». Б.Есекин экологияны сақтау мәселесінде басты рөлді мемлекет атқаруы қажеттігін атап өтті. «Өйткені, саясат, заң, салық жүйесі, тариф және т.б. қандай болары мемлекетке байланысты. Орталық Азия елдеріндегі жағдай «жасыл» бизнесті дамытуға қолайсыз. Бүгінде бизнеске қалпына келтірілетін энергия көздерін енгізу тиімсіз. Өйткені, көмір мен өзге де қуат көздерінің бағасы оған қарағанда арзан ғой. Өйткені, оның бәріне мемлекет дотация бөліп отыр», - дейді Б.Есекин.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін