Орталық Азия одағын құру мәселесіне бәрібір ораламыз – Мәжіліс депутаты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азия одағын құру мәселесіне бәрібір ораламыз – Мәжіліс депутаты

Орталық Азия одағын құру мәселесіне бәрібір ораламыз – Мәжіліс депутаты

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев Орталық Азияда жаңа аймақтық бірлестікті құру мәселесін қайта көтерді, деп хабарлайды

  • 2 Маусым 2017
  • 391
Фото - Caravan.kz

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев Орталық Азияда жаңа аймақтық бірлестікті құру мәселесін қайта көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Мен білемін, ол идеяны әркім әрқалай қабылдайды. Дегенмен, ерте ме, кеш пе, біз Орталық Азия аймағында жаңа бірлестікті құру мәселесіне ораламыз. Бұған дейін бұл жерде Орталық Азия одағын құру бастамалары болған. Оның жайын бәріміз жақсы білеміз. Азық-түлік, су-энергетикалық және көлік-коммуникациялық бағытта үш консорциум да қарастырылды. Соның аясында бірігу мәселесі де талқыланды. Тіпті, Орталық Азия банкін де құрып үлгердік. Алайда, аталған жобалардың бірде- бірі іске аспай қалды. Сондықтан алдағы уақытта бұған дейінгі бастамаларды жаңа тұрғыдан қарастырып, қолға алуға болады деп ойлаймын", — деді М. Әшімбаев бүгін Астанада басталған конференцияда.

Оның айтуынша, Орталық Азия аймағында нақты бір бірлестік құрылса ол соның аясында ғана шектеліп қалмауы қажет. Еуразиялық экономикалық одақ бағытында өзара интеграцияны, Қытайдың "Бір белдеу — бір жол" жобасы бойынша, тіпті Үндістан мен Пәкістан сияқты мемлекеттермен арадағы байланыстарды нығайтқан аса маңызды. Айта кетейік, бүгін Астанада Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелеріне арналған жыл сайынғы конференция басталды. Биылғы конференцияның тақырыбы — "Жаһандық трансформация жағдайындағы Орталық Азия". Жиынға Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай мен Ресейдің сарапшылары қатысуда.


 

Соңғы жаңалықтар