Жарияланды: 850

Орталық Тянь-Шань тауларындағы Хан Тәңірі шыңының баурайында "Хан Тәңірі-2003" атты Халықаралық 2-фестиваль басталды

Бүгін, 17-шілдеде Орталық Тянь-Шань тауларындағы Хан Тәңірі шыңының баурайында "Хан Тәңірі-2003" атты Халықаралық 2-фестиваль басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Алматы қаласының әкімі, ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі мен ҚР армиясының орталық спорт клубының қолдауымен өткізіліп отырған "Хан Тәңірі -2003" халықаралық фестивалі 7-тамызға дейін созылады. Фестиваль аясында құтқарушылардың Халықаралық 1-слеті өтеді. Шараның мақсаты- құтқару қызметтері арасындағы халықаралық байланысты нығайту және оны дамыту , сондай-ақ, таулы өңірлерде зардап шеккендерге жәрдемдесу, іздестіру-құтқару жұмыстарын өткізу төңірегінде тәжірибе алмасу болып табылады. Құтқарушылардың Халықаралық 1-слетінің бағдарламасына сәйкес шілденің 21 мен 2-тамыз аралығында ТМД елдерінің өкілдері арасында экстремалды жағдайларда зардап шеккендерге жәрдем көрсетуге арналған бірлескен оқу-жаттығулар өткізіліп, құрамалар 7010 метрлік Хан Тәңірі шыңына көтеріледі. Ал 29-шілде мен 31-шілде аралығында Хан Тәңірі шыңына көтерілуден жылдамдық бойынша жарыстар өткізілмекші. Ал тамыздың 3-5 аралығында бейнефильмдер мен слайд-шоу тамашалау, қазақ ұлттық қыз қуу және көкпар жарыстары, ұлттық өнерпаздық ұжымдар мен бардтар концерті тәрізді спорттық-ойын-сауық шаралары, сондай-ақ, Мәрмәр Қабырға шыңына шаңғымен көтерілу, Баянкөл өзеніндегі қайық жарысы, тау велосипедімен және атқа мініп қыдыру, жаяу жорықтар, ауа шарымен ұшу және тікұшақпен қыдыру тәрізді спорттық шаралар ұйымдастырылады. "Хан Тәңірі-2003" фестивалінің қорытындысы 6-7-тамызда шығарылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін