Өрттей отты ұлдарының жоқтығынан, орман өртеніп жатыр - Омар Жәлелұлы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өрттей отты ұлдарының жоқтығынан, орман өртеніп жатыр - Омар Жәлелұлы

Өрттей отты ұлдарының жоқтығынан, орман өртеніп жатыр - Омар Жәлелұлы

Абайтанушы, коуч Омар Жәлелұлы Семейдегі алапат орман өртіне қатысты пікірін білдірді. 

  • 12 Маусым 2023
  • 837
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Өртеніп жатыр. Отан — орманым. Істеген жауыздығымыз бен ұятсыздығымыздан, біз өртенбей әлі тірі жүрміз. Ал, орман — отан — өртеніп жатыр. Біз үшін жанып жатыр. Біз үшін ағаштар жанын құрбандыққа шалды. Бізді тазарту үшін. Бізді ояту үшін. Ояна аламыз ба?! Ішіміз баяғыда өртеніп кеткен. Енді өрт сыртқа шықты. Елімізге ие бола алмадық. Жерімізге ие бола алмадық. Асқақ, айбынды бабалар бұрын жаны кірлегенде от арқылы тазаратын. Бізге де тазаратын уақыт келді. Тазара аламыз ба?
Ал орман-отан өртеніп жатыр. Өрттей отты
ұлдарының жоқтығынан", деп жазды.    

 

Соңғы жаңалықтар