«Исатай ауданындағы Тұщықұдық ауылдық округіне қарасты «Сары төбе» қыстағында 9 маусым күні 13.15 кезінде 6 мың гектар аумақ отқа оранды. Тілсіз жау 07.27 кезінде тіркеліп, 10 маусым күні 08.04 кезінде ауыздықталды», — деп хабарлады ҚР ТЖМ.
Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Атырау облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы мен жеке құрамның 6 адамы, сонымен бірге, ауылдық округтің 12 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.