Орынсыз тексерулер Қазақстандағы білім беру мекемелерін қажытып бітті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орынсыз тексерулер Қазақстандағы білім беру мекемелерін қажытып бітті

Орынсыз тексерулер Қазақстандағы білім беру мекемелерін қажытып бітті

Қазақстанда білім беру нысандарына жүргізілетін тексеру санын едәуір қысқарту қажет.

  • 3 Маусым 2014
  • 582
Фото - Caravan.kz

Мәжіліс депутаты Камал Бұрханов осылай деп мәлімдеді.

«Әлеуметтанушылар аталған нысандардың басшылары арасында құпия сауалнама жүргізді. Тексеруші органдардан өлердей қорқатын олар өздерінің аты-жөнін және мекеменің атауын атамаған жағдайда қойылған сұрақтарға жауап беруге дайындығын білдірген», — деді ол сейсенбі күні мәжілістің мәдени-әлеуметтік даму жөніндегі комитеті отырысында.

Депутаттың айтуынша, сауалнама еліміздегі барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында өткізілген.

«Жасырын сауалнама білім саласындағы сорақылықты көрсетіп берді: әр нысан жылына 10-15 рет тексеріледі екен.

Білім беру нысандарының басшылары айтқандай, бұл ресми органдарға арналған цифрлар ғана. Шын мәнінде тексеру саны бұдан екі есе көп. Яғни, білім нысанының әр қайсысы жылына 20-30 рет тексеріледі деген сөз. Орта есеппен алғанда, ұжымда екі рет тексеру жүргізіледі. Мұғалімдер тексерушілерге қызмет көрсетіп, қағаз толтырып әлек болады. Ішілетін асты, кездесулер мен шығарып салуды қоспағанда. Бір мекемедегі тексеру 2 күннен 1,5 айға дейін созылуы мүмкін. Ал, заң бұзушылық бәрібір болады және айыппұлдан қашып құтылу қиын. Өйткені, барлық қаулылар мен нұсқаулықтардың талаптарын орындау мүмкін емес», — дейді К.Бұрханов.

Оның айтуынша, тексеру солтүстік пен шығысқа қарағанда, оңтүстік пен батыс аймақтарда көбірек жүргізіледі.


«Тексеру саны нормадан бірнеше есе асып-жығылады. Тексеретіндер мен олардың іс-сапарына төленетін ақшаның есеп-саны жоқ», — деді депутат.

Осыған орай, халық қалаулысы тексеруші органдардағы штат саны мен олардың бюджетін екі есе қысқартуды ұсынды .