Орыс әке қызына қазақтардыкіндей фамилия бере алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орыс әке қызына қазақтардыкіндей фамилия бере алмай жүр

Орыс әке қызына қазақтардыкіндей фамилия бере алмай жүр

Балаға ат беруге қатысты бұрын-соңды болмаған жағдай Талдықорғанда қылаң берді.

  • 10 Шiлде 2017
  • 1328
Фото - Caravan.kz

Аталған қалада тұратын ерлі-зайыпты Александр Кляцко мен Құралай Сіләмжанқызы бір жылдан астам уақыттан бері кішкентай қызына өздері қалаған фамилияны бере алмай жүр, деп жазады «Время» газеті.

«Саша екеуміз университетте оқып жүрген кезден біргеміз. Ал 2015 жылдың тамыз айында үйлендік. Кейін қызымыз туылды. Күйеуім атын қазақша Мәриям деп қойды. Талдықорған перинаталдық орталығындағы тіркеу журналына оның фамилиясын әкесінің атымен Александрова деп жаздырған едік. Бірақ Халыққа қызмет көрсету орталығындағылар сол фамилиямен туу туралы куәлік беруден бас тартты. Олардың айтуынша, жергілікті емес ұлттан туғандарға тек әкесінің фамилиясы беріледі екен. Яғни қызымның аты-жөні Мәриям Кляцко ғана болуы керек» дейді Құралай.

Заң бойынша, жаңа туылған балаға туу туралы куәлік алуды 2 айдан кешіктірмеу керек. Әйтпесе, айыппұл салынатынын білген ерлі-зайыптылар Мәриямға Кляцко деген фамилияны беруге мәжбүр болған. Бірақ өз ойларынан әлі де айнамыған олар бұл мәселені енді сот арқылы шешуді жөн көріп отыр.


Соңғы жаңалықтар