Орыс шовинизмі туралы жазған екі қазақты қорғаған журналист сотталғалы жатыр ма - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орыс шовинизмі туралы жазған екі қазақты қорғаған журналист сотталғалы жатыр ма

Орыс шовинизмі туралы жазған екі қазақты қорғаған журналист сотталғалы жатыр ма

Журналист Ержан Әбдіраман желідегі сөздері үшін қудалауға ұшыраған қазақтарды қорғамақ болып, енді өзі сотталғалы жатқан тілші туралы айтты. 

  • 31 Наурыз 2022
  • 508
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол желіде жазды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

«Әзірбайжанға ядролық бомба тастау керек деген ресейлік депутат Михаил Делягинге Әзірбайжан халықаралық іздеу жариялады. Есуас депутат кешірім сұрауға мәжбүр болды.

Германияда тұратын бір орыс әйел АҚШ-қа ядролық қару қолдану керек деген комментарий жазыпты. Неміс өкіметі оны Ресейге депортациялағалы жатыр.

Қазақстанда ше? Альжан Исмагулов деген біреу бар. Орыс шовинизмі туралы бірдеңе айтып көзіне түссең үстіңнен дереу арыз қуалайды. Қазақ соты бес жылға айдап жібереді. Бұған дейін оның арызымен екі қазақ сотталған. Енді сол екеуіне араша түскен журналист Dinara Seisen сотталғалы жатыр.

Бірақ бізде  қазақты қорлайтын неше түрлі сөз жазуға, Путинді мадақтауға, тіпті оны шақырам деп қорқытуға болады. Өйткені сөз бостандығы",- деді тілші.


Соңғы жаңалықтар