Жарияланды: 210

Орыстар Ресейге көшіп кеткен қазақстандық журналистің өтірігін шығарып, масқара қылды

Орыстар Ресейге көшіп кеткен қазақстандық журналистің өтірігін шығарып, масқара қылды

«Россия 1» арнасының корреспонденті мұнда 20 мың адам келді деп алдап жатыр. Ал халық оны жөндегісі келеді», - деді ер кісі.

«Россия 1» арнасының тілшісін митингке қатысушы топ эфирге шығармай қойған видеосы желіде тарап кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға орнында түсірілген видеоны «Открытый берег» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Сергей Менжерицкий Facebook-парақшасына «Насихатшының қателігі» деген атаумен жүктеген.

Халық арасында эфирге шығып, митингке қатысқан адам саны 20 мың деп айтқан «Россия 1» арнасының журналисті Ярослав Красиенконы жергілікті тұрғындар тоқтатып тастады. Қазақстандағы КТК арнасында 15 жыл қызмет атқарып, 2016 жылы Қазақстаннан Ресейге "бақыт іздеп" кеткен Красиенконы митингке қатысушылар жалған ақпарат бердің деп масқарасын шығарды.

Эфирді мәжбүрлі түрде тоқтатқан тілшіге наразы жұрт «Өтірік», «Алдауды қойыңдар» деп айғайлады. Олардың айтуынша, алаңдағы митингке қатысушылар саны 47 мың болған.

Сондай-ақ кадр сыртында халықтың неге журналистке қарсы екені айтылды.

Сонымен қатар, видеодан жергілікті құқық қорғаушылардың митингке берілген уақыттың аяқталғанын айтып, халықтан алаңды босатуды талап еткенін де естуге болады. Сол сәтті пайдаланғысы келген Ярослав Красиенко топтан ығысып кетіп, эфирге шығуға талпынады. Дегенмен наразылыққа шыққан жұрт бұған жол бермей, тілшіні қоршап, бірге қозғалады.

Халық тілшімен бірге біраз жерге дейін жүріп барды. Олар «Ресей» арнасы – Ресей масқарасы» деп те ұрандатты.

Еске сала кетейік, қалалық думаға оппозициялық тараптан шыққан кандидаттарды сайлау комиссиясы тіркеуден бас тартқаны үшін жергілікті халық 10 тамыз күні Мәскеуде митинг ұйымдастырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін