Орыстілді қазақ орыс тілінен мүлдем бас тартсақ, құримыз деп мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орыстілді қазақ орыс тілінен мүлдем бас тартсақ, құримыз деп мәлімдеді

Орыстілді қазақ орыс тілінен мүлдем бас тартсақ, құримыз деп мәлімдеді

Қазақылыққа тиісуді, тілімізді кемсітуді өз қандастарымыз әлі де қояр емес. Бұған дейін белгілі актер Әнуар Нұрпейісов ұлтымызға, қазақ тіліне қарсы мәлімдемелерімен жұртты шулатып еді. Бұл жолы осы мәселе газетке мақала түрінде жазылды.

  • 4 Тамыз 2017
  • 799
Фото - Caravan.kz

«Central Asia Monitor» газетінде Толеген Сериков деген автордың «Если казахи утеряют свое исконное двуязычие, то их ждет деградация» деп аталатын мақаласы шығыпты.

Сериковтың ойынша, қазақтарға орыс тілінсіз күн жоқ.

«Қазақ тілінің өзі қазақтардан басқа ешкімді қызықтырмайды. Оған себеп көп. Бірақ ең бастысы, онда өзге тілді азаматтарды мәдениет және технологиялық білім тұрғысынан өзіне тартатындай мүмкіндік жоқ» дейді автор.

Сондай-ақ, ол қазақылықты білімсіздікпен теңестірген.


«Соңғы кездері қоғамда білім деңгейі төмендеген. Әлде тым қазақы болып кетті ме? Бәлкім, бұл екеуі бір нәрсе шығар?» дейді Сериков.

Соңғы жаңалықтар