Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлады.
Ассалаумағалайкүм! Соңғы кезде орыстар жатқан жыланның құйрығын жиі басып жүр. Оларға олардың мәңгүрт достары қосылып шулап қояды.Орысты жақсы көрмейтін адаммын.Тіліңді құртса бәрін құртады»,- деп жазды Алмат Сақатов.
Ассалаумағалейкүм, ағайын! Менің соңғы кезде байқағаным мына телеарналарда таза қазақша сөйлеуді саясат алып тастаған ғой дейм. «Че то», «типа того», «конечно» деген сөздер әдемі айтылып жатыр. Кезінде «әй, таза қазақша сөйлейк» дегеніміз қайда қалды. Баяғыда бір бала орысша сөйлейтін ата-анасына: «мына сөзді аудару керек, ертең мектепте оқуым керек» депті. Онда: «Абай Құнанбаев билермен, шешендермен араласқанды жақсы көрген, жиі араласқан» деп тұр екен. Сөйтсе ертеңінде әлгі бала мектепте «Абай Құнанбаев очень любил танцевать и общаться с чеченцами» деп жазып қойыпты. Күлетін жағдай емес, тіл кеткен соң бәрі кетеді ғой.