ОСК: Қырғызстандықтар референдумды қолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОСК: Қырғызстандықтар референдумды қолдады

ОСК: Қырғызстандықтар референдумды қолдады

Қырғызстанда Конституцияға өзгерістер енгізуге қатысты референдум өтті. Орталық сайлау комитетінің алдын ала мәліметі бойынша, сайлаушылардың 79,62 пайызы Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдады. Референдумда ел Ата заңына президенттің өкілеттігі, үкімет басшысы, депутаттар, судьялар, азаматтардың адам құқықтары мен сөз бостандығына қатысты 26 түзету енгізілді.

  • 12 Желтоқсан 2016
  • 624
Фото - Caravan.kz

ОСК мәліметі бойынша сайлауға халықтың 40,48 пайызы қатысқан. Олардың 79,62 пайызы, яғни 1 миллион 154 мың 411 адам Конститутцияға өзгерістер енгізуді қолдаған. Қарсы дауыс бергендер 15,37 пайыз, немесе 177 мың 933 адам. 5,01 пайыз немесе 57 мың 877 бюллетень жарамсыз деп табылған.

Референдум кезінде сөз сөйлеген ел президенті Алмазбек Атамбаев бұл өзгерістердің маңызды екенін атап өткен.

«Біз өзіміздің тәуелсіздігімізді БҰҰ секілді ұйымға қайтып берген бірден бір елміз. БҰҰ комитетінде 16 адам бар. Біз комитет мүшелері қалай таңдап алынатынын білеміз. Бұл туралы барлықтарыңыз жақсы білесіздер», — деді ол.

Оның сөздерінше, ең маңызды сәт «ақымақтан қорғану». «Билікке кім келсе де, кім президент болса да, өзгерістер енгізілсе, ол елді бұрып әкете алмайды. Шын мәнінде қазіргі қолданыстағы Конституция парламенттік емес, ол президенттік-парламенттік. Бес жыл ішінде мен қалауымша елді кез-келген жаққа бұрып әкете алар едім. Кейде елге президенттік үлгідегі басқару ниетім болдым. Өйткені 5 жыл ішінде менің өкілеттігім күшті болса, көп нәрсеге қол жеткізуге болар еді», — деді ол.

Өз кезегінде елдегі оппозиция Конституцияға өзгерістер енгізуге қарсы болды. Саясаткер Адахан Мадумаров референдум Қырғызстан тұрақтылығына кері әсерін тигізеді дейді.


Референдуммен қатар Қырғызстанда жергілікті кеңешке сайлау болды. Ел азаматтары 22 қала және 384 айылдық кеңешке депутаттар сайлады.

Соңғы жаңалықтар