Өскемен соты журналист Кушіковтың арнайы прокурорға берген шағымын қабыл алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемен соты журналист Кушіковтың арнайы прокурорға берген шағымын қабыл алмады

Өскемен соты журналист Кушіковтың арнайы прокурорға берген шағымын қабыл алмады

Өскемен қалалық соты «Время» газетінің тілшісі Тоқнияз Күшіковтың оған қатысты Шығыс Қазақстан түзету мекемелерінде заңдылықтардың сақталуын қадағалау бойынша арнайы прокурордың шығарған наразылығы мен қаулыларын алып тастау туралы шағым-талабын қабыл алмады.

  • 27 Маусым 2011
  • 513
Фото - Caravan.kz

«Судья Алмас Сәлімов өзінің шешімін арнайы прокурордың наразылығын заңды деп табуымен түсіндірді. Арнайы прокурор Күшіковқа еркін-қоныс колониясының әкімшілігімен шығарылған 4 мадақтауды алып тастаған болатын», — деп хабарлады дереккөз.

Дереккөздің айтуынша, сот Т. Күшіковтың қорғаушылар жағына сотталғанның колонияда белсенді және тіртіптілік көрсетіп, жақсы жұмыс істеп жүргенін растай алатын куәларды тартуына рұқсат бермеді. Бұл ретте судья, арнайы прокурордың колониядан өзі жинаған 5 түсініктеменің барлығын жеткілікті екенін алға тартты. Оларға қарап арнайы прокурор Т. Күшіковтың «басқа да сотталғандардан ешқандай айырмашылығы жоқ» деген тұжырым шығарған.

Еске салсақ, 2009-шы жылы тамызда «Время» газетінің тілшісі Тоқнияз Күшіков адам өліміне соқтырған ЖКО-да айыпты деп танылып, жазасын Өскемендегі ОВ 156/13 еркін-қоныс колониясында өтейтіндей етіп, 4 жылға бас бостанлығынан айырылған болатын.

Ағымдағы жылы колония әкімшілігі арнайы прокурор арқылы жазаның қалған мерзімін жұмсарту туралы өтініш түсірген. Ондай өтінішті колония әкімшілігі Күшіковтың жақсы мінез танытып, жұмыс пен қоғамдық жұмыстағы белсенділігі мен 4 мадақтауының барлығын ескере отырып жасаған. Бірақ арнайы прокурор ақпан айында аталған мадақтауларды алып тастауды талап етуіне байланысты, жазаны жұмсарту туралы өтініш ескерусіз қалды.

Т. Күшіковтың қорғаушылар жағы сот шешімін бұздырмақ ниетінің барлығын жариялады.

Соңғы жаңалықтар