Өскемен тұрғынын танысы 2 миллион теңгеге алдап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемен тұрғынын танысы 2 миллион теңгеге алдап кетті

Өскемен тұрғынын танысы 2 миллион теңгеге алдап кетті

Өз мүлкіне салынған тыйымды алып тастамақ болған Өскемен тұрғыны алаяқтың құрбаны болды.

  • 29 Маусым 2022
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

27 жастағы жәбірленуші полицияға танысы банктер бұғаттаған мүлікті қайтаруға көмектесемін деп, одан 2 миллион теңге алғанын, бірақ уәдесін орындамағанын айтып шағымданған.

Полицейлер 32 жастағы әйелді ұстады, ол кінәсін мойындады. Оған қатысты "Алаяқтық" бабы (Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.