Өскеменде 2007 жылы 30 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде 2007 жылы 30 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді

Өскеменде 2007 жылы 30 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді

Өскемен. 11 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде 2007 жылы 30 мың шаршы метр (400 пәтер) баспана пайдалануға берілді, бұл 2006 жылғы деңгейден 34% артық. Бұл туралы агентттік тілшісіне Өскемен әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 11 Қаңтар 2008
  • 468
Фото - Caravan.kz

«Жеті ипотекалық және үш муниципалдық тұрғын үйді салуға 2,6 млрд теңге қарастырылған», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

2007 жылы қаланы дамытудың бас жоспары қаланы дамытудың бас жоспары бекітіліп, бес тұрғын үйлі ауданды жан-жақты жоспарлау жобалары жасалып, жер телімдеріне санақ жүргізу жұмыстары пәрмендендіріліп, жерлерді зоналарға бөлу және қаладағы электронды жер кадастрын дайындау жұмыстарының келісімі жасалды.

«Ескірген және апатты жағдайдағы баспананы жөндеу, бұзу және азаматтарды мемлекеттік баспанаға көшіру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны» жүзеге асыру аясында 60 пәтерлі жаңа үй пайдалануға берілді. Ол тұрғындарды санитарлық қорғау аймағынан көшіру жөніндегі ұзаққа созылған проблеманың шешімін жеделдете түсті.

Қалалық әкімшіліктегілердің түсіндіруінше, «биыл Аблакетка кентінде үйлер салу жоспарланған. Соның арқасында апаттық жағдайдағы үйлерде тұрып жатқан 100 отбасы баспаналы болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті