«Тасымалдаушылар жалпы жиналыста 1937 жылдың 31 желтоқсанына дейін туғандарға автобус маршруттарында тегін жүру құқын беру туралы Өскемен қаласы әкімдігінің ұсынысына қолдау білдіру жөнінде шешім қабылдағанын «Шығыс Қазақстанның автотасымалдаушылар одағы» қауымдастығы хабарлайды», — деп атап көрсетті баспасөз қызметі.
Аталмыш жеңілдікті зейнеткерлерді өз қаражаттары есебінен тасымалдайтын жолаушылар көлігі кәсіпорындары ұсынады.
Естеріңізге сала кетсек, бұрын бұл жеңілдіктерді тек 1931 жылдың 31 желтоқсанына дейін туған қалалықтар ғана пайдаланып келген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті