Өскеменде 9 жасар қыз экскаватордың астына түсіп қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде 9 жасар қыз экскаватордың астына түсіп қаза тапты

Өскеменде 9 жасар қыз экскаватордың астына түсіп қаза тапты

Өскеменде велосипедпен келе жатқан 9 жасар қыз бала экскаватордың астына түсіп қаза тапты. Бұл туралы YK- news.kz хабарлайды.

  • 19 Маусым 2015
  • 447
Фото - Caravan.kz

Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД баспасөз қызметінің бастығы Бақытжан Торғаевтың хабарлауынша, қайғылы оқиға кеше кешкі уақытта орын алған. Өскемендік ЖШС-нің жол жұмыстарына жұмылдырылған экскаваторы артқа қарай жүргенде жақын жерде велосипедпен келе жатқан 9 жасар қыз баланы басып кетті. Зардап шеккен ол алған жарақаттарынан көз жұмды.

24 жастағы жүргізушіге қатысты абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған көліктік құралды пайдалану ережелерін бұзу фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде тәртіп сақшылары жүргізушінің болған оқиғада кінәсін анықтап жатыр.