Өскеменде астыртын жұмыс істеп келген ойынхана әшкереленді
|
Өскеменде спорттық покер деген атпен астыртын жұмыс істеп келген ойынхана әшкереленді. Бұның артында облыстық спорттық покер федерациясының тұрғаны белгілі болды.
Федерация төрағасы - Константин Шкодин қазір қамауға алынған. Ал казино қаладағы мейрамханалардың бірінде жайғасыпты. Құпия орын есігі тұрақты келушілер үшін ғана ашық, әрі ақылы болған. Жалпы спорттық покерге Қазақстанда тыйым салынбағанымен, ақшалай ұтыстар беру заңға қайшы. Ал әшкереленген казинодан 98 мың теңге ақшалай ұтыс, оған қоса құны 3 млн теңге шығатын фишкалар тәркіленген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін