Өскеменде автотұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
![]() |
Таңертең 13 қарашада Промышленная көшесінде автотұрақта тұрған «Фольксваген Пассат» көлігі өртеніп кетті, деп хабарлады YK-avto.kz. |
Өскемен ТЖ басқармасының ақпаратына сүйенсек, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше, иномарканың басым бөлігі жанып кеткен.
Өрт алаңы төрт шаршы метрді құрады. Мамандар қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз қолданған деген нұсқаны қарауда, деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ құтқарушылар тұрақта жанында тұрған «Тойота Калдин» көлігінің қатты ыстықтан пластикалық тұтқасы балқып кеткенін айтты. Жалын жапонияда шыққан көліктің жамылғысын айтарлықтай зақымдады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін