Синоптиктер алдын-ала ескерткенімен оның көлемі осынша болатынын жұрт білмесе керек. Алдымен қатты дауыл тұрып кейін қалың бұршақ жауған. Мұзды жауынның дәу болғаны сонша, көшедегі жұрт қайда тығыларын білмей жүргізушілер көліктерін қалқалайтын жер таба алмай әбден әбігерге түсті. Мамандардың мәліметіне қарағанда, бұл жолғы бұршақтан саяжайлар қатты зардап шеккен. Осы уақытқа дейін жайқалып тұрған бақша өсімдіктері түкке жарамсыз болып түгел жапырылып қалды.