«28 мамыр күні күндіз 14 сағат 30 минутта Защитаға барар жолдың маңында КамАЗ маркалы көлігінің жүргізушісі көлігін басқара алмай, көліктің сол жақ бүйіріне аударылуына жол берген. Апат салдарынан цистернадан 10 тоннаға жуық дизельдік отын төгілді», — деп хабарлады Өскеменнің төтенше жағдайлар басқармасында.
Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, оқиға орнына құтқару қызметі аттанған. Автокранмен көлікті дөңгелегіне қойған. «Апат орнын «Өскемен-Тәртіп» ЖШС қызметкерлері өңдеді. Дизельдік отын сумен шайылып, үстіне топырақ төселді».
Қазір апат болған жерде арнайы техника жұмыс істеуде. «Тұрғын үйлерге, бау-бақшаға дизельдік отын тиген жоқ» — деп сендірді төтенше жағдайлар басқармасы. Көлік жүргізушісінен басқа зардап шеккендер жоқ. Оның бұғанасы сынып, иығынан жарақат алған.
Қоршаған ортаға келген шығын көлемін экологтар анықтайды. Сараптама нәтижелері бірнеше күннен кейін белгілі болмақ. Шығын көлемін дизельдік отынның иесі көтереді. Қазір жедел-іздестіру тобы жүк иесін анықтау үстінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті