Өскеменде егеуқұйрық қаптап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде егеуқұйрық қаптап кетті

Өскеменде егеуқұйрық қаптап кетті

Өскеменде егеуқұйрықтар қаптап кетті! Шахардағы үлкен даңғылдың бірінде орналасқан көпірдің асты кеміргіштердің ұясына айналған. Үлкендігі кішігірім қояндай болатын егеуқұйрықтар енді маңайдағы арлы-берлі өткендерді үркіте бастаған. Ал жергілікті билік кеміргіштерді жоюға асықпай отыр. 

  • 14 Маусым 2014
  • 262
Фото - Caravan.kz

Мынау қаланың қақ ортасындағы көпір. Астында егеуқұйрықтар өріп жүр. Үлкендігі кішігірім қояндай болатын кеміргіштер енді өткен-кеткеннің жүрегін ұшыратын болған.

Ольга Степанова, Өскемен қаласының тұрғыны:

-Көрген кезде шошып кеттім. Мен бұл жерде итімді қыдыртатынмын. Енді қалай жүреміз?! Шабуылдап , итімнің бір жерін жарақаттаса ше? Егеуқұрықтардың түрлі ауруларды тарататынын жақсы білеміз ғой.

Төрежан, Өскемен қаласының тұрғыны:

-Ойнадық балалармен мына жерде, сосын көп егерқұйрық көрдік, мында жүрді олар. Сосын біз қашып кеттік мына жақтан.

Комендант өзені деген атауы ғана болмаса, бірнеше жыл бұрын мұның арнасы тартылып қалған. Былтыр жергілікті билік бұған дейін жағасын қамыс басып, ми батпақ болып жатқан тоғанның маңайын саябаққа айналдырды. СЭС-тегілер өткен жылы егеуқұйрықтар жоқ болатын деп отыр. Олармен күресті бастау үшін алдымен бірнешеуін ұстап, зертханаға жіберу қажет екен.


Юрий Макеев, Өскемен қалалық тұтынушылар құқығын қорғау бөлімінің басшысы:

-Бүгін, ертең біздің зоолог барып қақпан құрады. Сосын зертхананың нәтижесін күтеміз. Егер кеміргіштерден кесел табылса жаппай залалсыздандыруды бастаймыз. Тексерудің қорытындысы қолымызға тимей қимылдай алмаймыз.

Айта кету керек, көпірге жақын маңдағы көпқабатты үйлердің тұрғындары қазір қоқыс жәшіктеріне жолаудан қалған. Тұқым таратуда тарақандарды жолда қалдыратын егеуқұйрықтар енді қоқыс жәшіктеріне де ауыз сала бастады.