Өскеменде ең әдемі автомобильді таңдады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде ең әдемі автомобильді таңдады

Өскеменде ең әдемі автомобильді таңдады

10 мамырда Өскеменде ең әдемі автомобильді таңдауға арналған конкурс өтті. «Ең үздік» атағына 30  тарта автомашина қатыстырылды, ал жеңісті 1953 жылы шыққан «ардагер» ГАЗ-69 иеленді, деп хабарлады YK-news.kz.

  • 11 Мамыр 2014
  • 365
Фото - Caravan.kz

Бұл әдеттен тыс шараға кез келген тілек білдіруші қатысуына мүмкіндік жасалды. Оның автомобилі және қалтасында 500 теңге ақшасы болса болғаны. Оны қатысушылар тіркелуге жарна ретінде төледі, одан да ірі сома қосуына еркі бар. Жиналған қаржының бір бөлігін ұйымдастырушылар бөбектер үйіне көмекке бермек.

«Конкурстың мақсаттарының бірі — Өскеменде қандай әдемі автомобиль бар екенін анықтау болды», — деп түсіндірме берді конкурсты ұйымдастырған Дамир Бажиркаев.

Конкурсанттар отандық, шетелдік және жаңадан шыққан (2010 жылдан бергі) болып топтастырылды. Машиналар үш аталым бойынша бағаланды: сыртқы көрінісі, салонның іші және капоттың астындағы кеңістік.


Оның қорытындысында 1953 жылы шығарылған ГАЗ-69 машинасы жеңімпаз атанды. Оның иесіне бірегей кубок — двигатель поршені және грамота тапсырылды.