Өскеменде ер адам қалыңдығын анонимдік SMS үшін өлтірді
![]() |
Өскеменде қызғаныш салдарынан адам ажал құшты. Алматы тұрғыны қалыңдығына жала жапқан анонимдік хат үшін әйелді жауыздықпен өлтірген, деп хабарлады YK-news.kz. |
48 жастағы бойдақ вахталық әдіспен Өскеменде жұмыс істеген. Наурыз айында Привольный ауылында жергілікті тұрғынмен танысты. Жаңадан танысқан әйелдің бойжеткен қызы болды.
Ер адам сүйіктісіне үйленуге бел байлайды. Ол қалыңдығын Алматы облысына апарып, туған-туысқандарымен таныстырмақ болды. Автобусқа билеттер сатылып алынды. Уақыт әлі болғандықтан, болашақ ерлі-зайыпты бірнеше сағатқа пәтерді жалға алды.
Бір уақытта ер адамның телефонына смс-хабарлама келді. Онда қалыңдығына жала жапқан. Белгісіз абонент ер адамның қоңырауына жауап бермеді.
Ол хатты қалыңдығына көрсетті де түсіндіруін талап етті. Әйелдің оның сұрақтарынан жалтарғаны салдарынан алматылық алдымен қызғанып, кейін ашуға бой алдырды. Хатқа сенген ол әйел адамды ұра бастады. Жапа шегуші есінен танғанда ер адам оның мойнына пышақ сұқты.
Әйел адамның мәйітін үй иесі тапты. Ер адам жапа шегушінің мүрдесінің қасында жатты.
Тергеу бұл зұлымдықпен жасалған қылмыс деп тапты.
ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қызғаншақ ер адамды 16 жылға бас бостандығынан айырды. Ол қатаң тәртіптегі түрмеде жазасын өтейді. Сонымен қатар алматылық жапа шеккеннің қызына моральдық залал келтіргені үшін бір жарым миллион теңге төлеуге міндеттеледі. Үкім заңды күшіне енбеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін