Өскеменде хоккейшілер көкпарға қатысамыз деп күлкіге қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде  хоккейшілер көкпарға қатысамыз деп күлкіге қалды

Өскеменде хоккейшілер көкпарға қатысамыз деп күлкіге қалды

Кез-келген хоккейшіден көкпаршы шықпайды. Алғаш рет атқа мініп, додаға қатысқан өскемендік спортшылар осыны дәлелдеді. Айдында талай мәрте тартысты кездесу өткізген «Казцинк-торпедоның» жігіттері бұл жолы көкпарға қатысамыз деп, күлкіге қалды.

  • 10 Шiлде 2014
  • 399
Фото - Caravan.kz

Өздерін мұз айдынның мұзбалақтары санайтын жігіттер жылқы спортының да жілігін шағып, майын ішеміз деп ойласа керек, ә дегеннен ойынды адуынмен бастады. Ұйымдастырушылар көкпар тартуға лақтың тушасын емес, құм толтырылған қапты тастады. Алайда, айдында асыр салған хоккейшілердің жылқы малына жұғымы болмай шықты. Тақымдағы көкпарға ие бола алмай, елдің алдында масқара болды. Ең соңында қызықтау үшін келген едік деп құтылды.


Досжан Есіркенов, «Казцинк-Торпедо» хоккей командасының шабуылшысы:

Өте қызық ойын екен. Хоккейдегі сияқты шабуылшысы болады. Біз үшін үйреншікті ойын емес, сондықтан қолдан келгенше бар өнерімізді көрсетуге тырыстық.