Өскеменде мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шеттетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шеттетілді

Өскеменде мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шеттетілді

Мас күйінде көлік жүргізген Өскемен әкімі аппаратының қызметкері Индира Қалжабаева жұмыстан шеттетілді.

  • 12 Шiлде 2021
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Индира Қалжабаеваның мас күйде болғаны туралы ақпаратты Өскемен әкімдігі растады. 11 шілде, жексенбіде қала әкімі аппаратының қызметкері халықты вакциналауға арналған автобусқа қатысты жағдайды түсіндіру үшін оқиға орнына барғаны анықталды. Автобус вакцина салдырғысы келген адамдарды қабылдамаған.

Алайда Қалжабаева жиналған адамдарға түсінік бере алмаған, ал полиция қызметкерлері әйелді медициналық куәландыруға алып кетуге мәжбүр болған.

Қала әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді.


"Қазіргі уақытта полиция органдары мас күйінде көлік құралын басқару дерегі бойынша әкімшілік іс жүргізуге бастама жасады. Полиция басқармасынан материалдар келгеннен кейін қала әкімдігі болған оқиға бойынша және мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша қызметтік тергеп-тексеру жүргізеді. Қазіргі уақытта барлық шара аяқталғанға дейін Индира Қалжабаева жұмыстан шеттетілді", — деді Өскемен әкімдігіндегілер.

Соңғы жаңалықтар