Жарияланды: 1200

Өскеменде медициналық ұйымдардың қауіпті биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату мен көму кезінде заңнаманы өрескел бұзу оқиғалары

Астана. 10 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Өскемен қалалық прокуратурасы медициналық ұйымдардың қауіпті биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату мен көму кезінде табиғат қорғау заңнамасын және мемлекеттік сатып алу туралы заңды өрескел бұзғандығын анықтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, аталмыш биологиялық қалдықтар "В" класты санатқа жатқызылады және эпидемиологиялық қауіпті және төтенше қауіп туғызушы сипаты бар. Тек 2008 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысы орталығының медициналық ұйымдарынан адамның зақымдалған ішкі ағзалары мен қол-аяқтарын алып тастаудан кейін 270 келі биологиялық қалдық келіп түскен. Олардың бір бөлігі жұқпалы аурулармен сырқаттанғандарға тиесілі. Алайда, прокурорлық тексерулер барысында анықталғандай, Өскеменде биоқалдықтарды көму мен кәдеге жаратуға арналған арнайы орындар сияқты оларды залалсыздандару қондырғылары да жоқ болып шықты. Сондай-ақ, осы процедураны нормативті реттеу де жетілдіруді қажет етеді. Мұның өзі Өскеменде жеке кәсіпкер Рыспаевтың мамандандырылмаған кәсіп орнының қауіпті қалдықтарды көмумен шұғылдануына әкеліп соққан. Жеке кәсіпорын штатында 4 қызметкер мен бір ГАЗ-52 маркалы автомашина бар. Осыған қарамастан, кәсіпкер шарт негізінде қаланың барлық ірі медициналық мекемелеріне қызмет көрсетіп келген. Бұл іспен негізгі жұмыс уақытынан тыс кезде шұғылданған. Тексеру барысында анықталғандай, ЖК қалалық үш зиратты күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды атқаруға да қалалық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қалалық бөлімшесімен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарымен шарт жасасқан. Шартта Өскемен қаласы әкімшілігінің "Іс басқару" Қазынашылық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қаңғып жүріп өлгендер мен сұрау салынбағандардың мәйітін жерлеу де бекітілген. Бұл шартта биологиялық қалдықтарды жерлеу және кәдеге жарату қарастырылмаған. Сонымен қатар, оларды тасымалдау үшін қолданылатын автомобильдің тиісті тәртіп бойынша жабдықталмағаны және арнайы маркировка жасалмағаны, сондай-ақ, санитарлық төлқұжаты жоқ, қызмет көрсететін адамдар жұмыс ерекшелігіне үйретілмеген болып шықты. Айқындалған заң бұзушылықтар бойынша Өскемен қаласының прокуратурасы қала әкімінің атына ұсыныс енгізді. Қазір медициналық ұйымдардың биологиялық қалдықтарын жерлеу мәселесі бақылауға алынған. Қала әкімшілігінің "Іс басқару" ҚМКК бөлімшесінің "Рәсімдік қызмет көрсетудің мамандандырылған комбинаты" директоры Д.Төлентаеваға ескерту жарияланды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін