Өскеменде мерекелік шаралар аяз салдарынан кейінге қалдырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.46
  • 600.04
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде мерекелік шаралар аяз салдарынан кейінге қалдырылды

Өскеменде мерекелік шаралар аяз салдарынан кейінге қалдырылды

Өскеменде қатты аяз салдарынан Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шаралар кейінге қалдырылды.

  • 14 Желтоқсан 2012
  • 286
Фото - Caravan.kz

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Гүлфариза Рамазанова мәлімдегендей, көшеде өтетін іс-шаралар кейінге шегерілген, «Қысқы драйв» автошоуы 22 желтоқсанда өтеді.

«Әзірге Республика алаңында 16 желтоқсанға белгіленген көшеде қыдыру және үш мұз стадионының ашылуына қатысты нақты шешім жоқ», — дейді ол.
Тәуелсіздік күні жылда 16-17 желтоқсанда атап өтіледі. Бұл күндер демалыс болып саналады. Биыл қазақстандықтар 15-і мен 18 желтоқсан аралығында төрт күн демалады.