Өскеменде өрттен құтқарылған балалар комада жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде өрттен құтқарылған балалар комада жатыр

Өскеменде өрттен құтқарылған балалар комада жатыр

Өскеменде өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден екі баланы алып шықты. Оқиға балалардың ата-анасы жұмыста болғанда болған. Бұл туралы Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасай отырып, YK-news.kz хабарлайды.

  • 8 Шiлде 2016
  • 431
Фото - Caravan.kz


Өрт 7 шілде сағат 10:00 шамасында «Титан» бағбандар қауымдастығында ауданында басталған. Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімдері жергілікті тұрғындардан жанып жатқан үйдің ішінде екі бала бар екенін анықтаған Өрт сөндірушілер үйдің ішіне кіріп, жергілікті тұрғынның көмегімен 12 жастағы қыз бен оның 9 жастағы інісін алып шығады. Балалар шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы ауыр. Өкінішке орай әлі естерін жимай, комада жатыр. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.