Өскеменде полицейлер АҚШ долларының ксерокөшірмесімен 18 жасар жұмыссызды қолға түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде полицейлер АҚШ долларының ксерокөшірмесімен 18 жасар жұмыссызды қолға түсірді

Өскеменде полицейлер АҚШ долларының ксерокөшірмесімен 18 жасар жұмыссызды қолға түсірді

ӨСКЕМЕН. 15 наурыз. Kazakhstan Today. Өскеменде полицейлер АҚШ долларының ксерокөшірмесімен 18 жасар жұмыссызды қолға түсірді,-деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. ШҚО ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қаланың бір ауданынде тексеру жүргізу барысында полицей патрулі күдікті бір жас жігітке назар аударады.

  • 15 Наурыз 2007
  • 417
Фото - Caravan.kz

ІІД кезекші бөлімшесінде тергеу жүргізе келе полицейлер оның қалтасынан 700$ табады. Алайда ақшалардың барлығы ксерокөшірме болып шыққан. Күдікті криминалдық полицияға жөнелтілді.

ІІД баспасөз қызметінің түсіндіруінше, 18 жасар жұмыссыз долларды үйіндегі түсті принтерден өткізіп алған. Ал жігіттің өзі бұл ақшалар қызбен танысу үшін және таныстарының көзіне түсу үшін қажет болған деп жауап берген. Олардың алдында жігіт әмиянын айқара ашып, мұнша ақшаны қайдан алдың деген сұраққа жеке бизнес ашып тапқанын айтқан.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұтқындалғанды полицейлер жазаға тартпапты. Олар жігіттің әке-шешесін шақырып сөйлескен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті