Өскеменде құрт қаптап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде құрт қаптап кетті

Өскеменде құрт қаптап кетті

Өскеменнің іргесіндегі бірнеше елді-мекенде жұлдызқұрттар қаптап кетті! Бұдан әсіресе Шығыс ауылының тұрғындары қатты шошынып қалған. Бірнеше күннен бері өз күштерімен зиянкестерді жоюға кіріскен жұртқа жергілікті билік көмекке келуге асықпай отыр.  

  • 2 Шiлде 2014
  • 305
Фото - Caravan.kz

Жібек көбелектерінің дернәсіліне ұқсайтын құрттардың жасыл желекті басып қалғанына бірнеше күн болыпты. Алдымен бау-бақшадағы жеміс-жидекті жайпап тастап, кейін үйлерді жағалай бастаған. 

Қазір тұрғындар қаптаған құрт баспананың ішіне кіре ме деп абыржып, қолдарына мынандай қондырғыларды алып үйдің маңайына у шашуда.

Жаппай уламағандықтан өте ширақ қозғалатын құрттар ауыл ішін түгел жайлап алған. Қолда бар дәріні үйдің маңайына шашқанымызбен, жәндіктердің тоқтайтын түрі жоқ дейді тұрғындар. Тіпті колорадо қоңызын құртуға арналған күшті дәрінің де оған күші жетпей жатыр.

Сандуғаш Рамазанова, Шығыс ауылының тұрғыны:

Қаптап кетті, тұрсақ үстіңе шабады. Үйдің ішіне кіріп кетті. Біз үйден қаштық қой.

Назгүл Мержібаева, Шығыс ауылының тұрғыны:


Балаларды үйден шығарған жоқпыз. Құлағына кіріп кетсе сұмдық қой. Мына құрттарды жалғыз шамамыз келмейді құртуға, біреу келіп көмектеспесе.

Мамандар зиянкестердің бұл түрін жібек құрты санатына жатқызып отырғанымен, әлі зертханалық жолмен анықтап үлгермепті. Тұрғындарға берер кеңесіміз де, көмегіміз де жоқ деп қарап отыр.

Заманбек Серікбаев , Өскемен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы:

Бұл жеке әркімнің үйінен шығып жатыр. Сондықтан бұған Үкімет ақша бөлмейді. Әр кісі өз аумағын өзі өңдеуі  керек. 

Айта кету керек, ауыл шаруашылығы мамандары жұлдызқұрттардың егістік алқаптарына қаншалықты зиян тигізгенін әлі анықтап үлгермеген.