Өскеменде қылмыстық деңгей 11 процентке төмендеді
2003-жылдың қаңтар-шілде айларында Өскемен аумағында 2548 қылмыс тіркелген, |
бұл- 2002-жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 11,1%-ке кем. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Өскемен қалалық ІІБ-нан хабарлады.
Қылмыстық полицияның желісімен тіркелген қылмыстар саны 2322-ні құрады, бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 11% аз (2613). Ал аса ауыр қылмыстар саны 57,5%-ке кеміді, үстіміздегі жылдың 7 айында осындай қылмыс түрінен 685 тіркелген, ал былтырғы көрсеткіш 1612 болатын.
Полицияның ақпаратына жүгінсек, жасөспірімдер арасындағы қылмыстық деңгей 14,5%-ке кеміген, кәмелеттік жасқа жетпегендер жасаған 206 қылмыс тіркелді (2002-жылдың осы мерзімінде осындай 241 қылмыс тіркелген болатын), мұндай қылмыстың жалпы қылмыс түрлері арасындағы үлес салмағы 9,5%-ті құрады.
Өткен мерзімде экономика саласында жасалған 42 қылмыстың беті ашылды (2002-жылы 35), оның 15-і бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді (11).
Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, кейбір қылмыс түрлерінің өсу ағымы байқалды. Атап айтсақ, кісі өлтіру көрсеткіші 36,4%-ке, пәтер тонау көрсеткіші 13,6%-ке (2002-жылы 435 болса, 2003-жылы 494), денсаулыққа қасақана зиян келтіру көрсеткіші 4,8%-ке артып отыр (42-ден 44-ке дейін).
Жалпы қылмыстық әрекеттердің әшкерелену көрсеткіші 74,9%-ті құрады.
Шығыс Қазақстан облыстық ІІББ-ның уақытша оқшаулау және бейімдеу орталығына кәмелеттік жасқа жетпеген 366 бозбала қамалды (2002-жылы 434), әкімшілік құқық бұзғандығы үшін 918 жасөспірім жауапқа тартылды. Соның ішінде ішімдікке әуестігі және мас күйінде қоғамдық орындарға барғаны үшін 487 бала әкімшілік жауапкершілік жүктеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін