Өскеменде төмен бағамен ет сатыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде төмен бағамен ет сатыла бастады

Өскеменде төмен бағамен ет сатыла бастады

Өскемен. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде төмен бағамен ет сатыла бастады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 24 Сәуiр 2008
  • 750
Фото - Caravan.kz

«Өскеменнің сауда орындарына төмен бағамен сапасы жоғары ет түсті. Бұл инфляциялық процестерді бақылайтын облыстық штабының тұрақты әрі жоспарлы жұмысы нәтижесінде жүзеге асырылды. Олар тауар «өндіру,сақтау және сату» желісіне қатысатындармен кездесулер өткізіп, бірқатар сауда нысандарына барып қайтты «, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Карібжановтың тапсырмасымен инфляциялық процестерді бақылайтын облыстық штабы Өскемен, Семей және аудан әкімдіктерімен қалаға төмен бағамен азық-түлікті жеткізу жөнінде меморандумға қол қойды.» Осылайша жергілікті атқарушы билігі ірі қалалардың нарығын бағасы төмен әрі сапасы жоғары азық-түлікпен қамтамасыз етпекші. Сонымен қатар облыста жоспарланған жұмыстарды орындау үшін барлық жағдай жасалып, малдың сойыс пунктерін ұйымдастыруы да қолға алынды», — деп түсіндірді әкімдікте.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, сауда орындарына алты қара шұбар тұқымды сиыр етінің бір тоннасы «Восход» шаруа қожалығынан келіп түсті. «Шаруа құрылымдары қалаға ет жеткізу жобасына бекерден қатысып отырған жоқ. Өткен жылы дәл осы жерде жемдеу алаңы тұрғызылды. Сөйтіп, Өскемен және Семей аймақтық ет-сүт шаруашылығын құру идеясы жүзеге асырылып жатыр», — деп атап өтті әкімдікте.

ШҚО ауыл шаруашылық департаментінің өкілі Игорь Миронов айтқанындай, «Өскеменге күн сайын шаруа қожалықтарынан 15 тонна көлемінде ет жеткізу жоспарланып отыр». «Бұл сиыр, қой және шошқа еті. Бәрінің сапасы жоғары. Өйткені мал арнайы келісім бойынша сойылады. Мал алдын ала мал дәрігерлік тексеруден өткізіліп, мал еті рефрижератормен жеткізілетін болады. Мысалы «Восход» етінің бір келісінің бағасы 500 теңгемен «Арзан» дүкенінде әкетіліп, сол бағамен сатылатын болады «, -деп түсіндірді ол.

Әкімдікте хабарлағанындай, қаланы картоппен қамтамасыз ету жұмысы да жүргізіліп, өнімнің бірінші партиясы Зырян ауданынан тасымалданады.

Облыс әкімінің орынбасары Иван Белихин атап өткеніндей, «бағаларды бақылауды күшейту керек «. «Бұл жергілікті атқарушы органдарының құзырындағы мәселе.Мысалы, кейбір сауда дүкендерінде өнім үстінен 20 пайыз қосылып сатылуда. Төмен бағамен жеткізілетін азық-түлік, айтылған құнмен сатылуы өте маңызды», — деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті