Өскеменде тұрғындар құтқарушыларды үйлеріне кіргізбей қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде тұрғындар  құтқарушыларды үйлеріне кіргізбей қойды

Өскеменде тұрғындар құтқарушыларды үйлеріне кіргізбей қойды

Өскеменде төтенше жағдайлар қызметкерлері «тасқынға тосқауыл жасаймыз» деп күлкіге қалды. «Су басу қаупі бар»деген аумақтарда ескерту қағаздарын таратқан оларға тұрғындар тіпті есіктерін де ашқан жоқ. 

  • 19 Наурыз 2014
  • 223
Фото - Caravan.kz

Мына көше қаланы екіге бөліп жатқан Үлбі өзеніне жақын жатқандықтан төтенше жағдай қызметі алдын-алу шараларын алдымен осы жерде өткізбек болды. Алайда, ұзын көшенің бойындағы бірде-бір тұрғын есігін ашпағаны былай тұрсын, босағадан сығалатқандары берген ескертпе қағазға да қол созған жоқ. Өз күшімізбен есіктің алдын қардан тазартып, жылғалардың көзін ашып, қамданып қойдық дейді жұрт.


Виктор Хален, Өскемен қаласының тұрғыны:

— Тасқын су келсе мына бір парақ қағазбен құтыла аламыз ба?! Көзбояушылыққой бұлары. Тіпті күлкіңді келтіреді. Өзеннің жағасын бекітумен айналыссын одан да.