Қызыл су түнде аяқ астынан келіпті. Таудан ағып, есік алдына жайылғанымен, жертөлелерге кіріп үлгермеген. Жұрт өз күштерімен арық қазып, бөгеттер жасап жатыр. Төтенше жағдай қызметін көмекке шақырғанымен, елең еткен ешкім болмапты. Енді шарасыз тұрғындар суды соруға қаланың коммуналдық қызметі келіп қол ұшын бермесе, шама жоқ,-деп отыр.
Анна Ефимова, Өскемен қаласының тұрғыны:
-Таңертең оянғанымызда сыртқа шыға алмай қалдық. Еріген су есіктің алдын басып кетіпті. Төтенше жағдайлар қызметіне хабарласқан едік, олар бізге өз күштеріңмен амал қылыңдар деді.