Өскеменде үй өртеніп, жеті жасар қыз қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде үй  өртеніп, жеті жасар қыз қаза тапты

Өскеменде үй өртеніп, жеті жасар қыз қаза тапты

Өрт жер үйде шықты, оқиға орнына келген өрт сөндірушілер төрт адамды тапқан, олардың үшеуі тіршілік белгілерін білдіреген.

Қаза тапқандар арасында екі жеті жасар қыз бен ер адам бар. Қайғылы оқиға Защита ауданында сағат түнгі шамаларында орын алған, деп хабарлайды YK-news.

  • 9 Желтоқсан 2016
  • 818
Фото - Caravan.kz


Өскеменнің ТЖ жөніндегі басқармасының хабарлауынша, оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тұтанудың бірден екі ошағын көрген. Веранда мен тұрғын үйдің түкпір бөлмесі өртеніп жатқан. "Ең алдымен өртпен күресушілерге бірден бүкіл үйді шарпыған жалынмен күресуге тура келді. Одан кейін, барлау жүргізіп, үйдің ішінен үш адамның жансыз денесі табылды: жеті жасар қыз бен екі ер адам. Олардың жеке бастары анықталуда. Өрт сөндірушілер қызды құтқармақ болған, бірақ одан ештеңе шықпады. Түтінге толған бөлмеден өрт сөндірушілер қаза тапқан қыздың 1984 жылы туылған анасын тапқан. Әйел тірі болған. Өрт сөндірушілер тез арада оған қолдан дем алдыру жасап, жедел жәрдем дәрігерлеріне берген. Әйел бірінші ауруханаға жеткізілді", — деп жазады басылым. Өрттің жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрады. Өрт себебі әлі анықталуда.

 

Соңғы жаңалықтар