Өскеменде үйдің қабырғасына Абайдың суреті салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде үйдің қабырғасына Абайдың суреті салынды

Өскеменде үйдің қабырғасына Абайдың суреті салынды

Өскемен орталығындағы тоғызқабатты үйдің қабырғасында Абай Құнанбаевтың суреті пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 26 Қыркүйек 2017
  • 299
Фото - Caravan.kz

Бұл Абай даңғылындағы № 1 үй. Үлкен стрит-арт өнімі қала билігінің қолдауымен салынған. Қала әкімдігі урбанистік шығармашылықтың осымен екінші жобасын жасап отыр. Мұның алдында хоккейші Талғат Жайлауовтың портреті облыс орталығындағы үйлердің бірінің қабырғасында пайда болған еді. 

Жұмыс демеушілердің қаражатына жасалған. Бұл суреттің авторы — Алматы өнер академиясының магистранты Айбек Нұрбеков. Ол бұл картинаны екі апта ішінде салып шыққан. "Абайдың қолында кітап бар, оның астына суретшілер әдемі қаріптермен "Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп" деген қара сөзін жазды", — делінген қалалық әкімдіктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында. 


Өскемен әкімдігіндегілер бұл картинаны Абайдың әлемдегі ең үлкен граффити суреті деп атады. 

Соңғы жаңалықтар