Өскеменде үлкен шудан соң Абайды масқаралаған ескерткіш алынып тасталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде үлкен шудан соң Абайды масқаралаған ескерткіш алынып тасталды

Өскеменде үлкен шудан соң Абайды масқаралаған ескерткіш алынып тасталды

Өскемен әкімдігіндегілер ескерткіш орнатамын деп басы дауға қалды. Ұлы Абай мен Евгений Михаэлиске арналған тас тұғырды олар бір тәуліктен кейін орнынан алып тастауға мәжбүр болды.  

  • 25 Маусым 2014
  • 248
Фото - Caravan.kz


Ескерткіш орнатыла салысымен әлеуметтік желілерде оның сұрықсыз кейпіне қатысты әртүрлі сыни пікірлер қаптап кетті. Масқара мүсіндерге біреулер тіпті түрлі теңеулер тауып, дарынсыз мүсіншінің бұл еңбегіне «Карлик» деген атау қойса, енді біреулер оны өз-өзін ұялы телефонмен түсіріп тұрғандарға ұқсатты. «Ұялған тек тұрмас» демекші, қос ақынның ескерткішін шенеуніктер осыдан кейін көзден таса жерге әкетуге асыққан. Ақыры, бір тәуліктен соң, ұсқынсыз ескерткішті орнынан алып тастапты. Мүсін қоямыз деп әбден масқара болған шенеуніктер енді бұған түсініктеме беруден де бас тартып отыр.