Өскеменде жасыл орман оталып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде жасыл орман оталып жатыр

Өскеменде жасыл орман оталып жатыр

Өскеменнің дәл іргесінде жасыл орман аямай оталуда.

  • 6 Қыркүйек 2014
  • 454
Фото - Caravan.kz

Ал жайқалған емендерді түбірімен қопарып әкетіп жатқанына куә болған табиғат аясында демалушылар бұған жағасын ұстауда.

Өскеменнің іргесіндегі Үлбі орман шаруашылығына қарайтын мына алқаптарды күндіз-түні күзетіп отырған ешкім жоқ. Мұндағы емен, самырсындардың оталып жатқанына бірнеше күн болған. Тиісті мекемедегілер оларды санитарлық мақсатта кесудеміз дейді. Бірақ, шіріп, құрттап жатқан ағаштарды емес, жайқалып тұрған жасыл желектерді шауып тастағанын мына томарлардан-ақ байқауға болады.  Ал орман шаруашылығы қызметкерлерінің уәжі басқаша.

Арсен Воробьев, Таулы Үлбі орман шаруашылығының қызметкері:

Бұл ағаштардың жарамдылық мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен. Олар сырт көзге әп-әдемі, жайқалып тұрғандай болып көрінгенімен, барлығы шіріген. Сондықтан ағаштарды отап жатырмыз.