Өскеменде жолақы құны 90 теңгеге дейін өседі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде жолақы құны 90 теңгеге дейін өседі

Өскеменде жолақы құны 90 теңгеге дейін өседі

Өскеменнің қалалық мәслихат отырысында депутаттар мен тасымалдаушылар қоғамдық көліктегі жолақы құнын бекітті.

  • 16 Қаңтар 2017
  • 529
Фото - Caravan.kz

Енді ақпан айынан бастап, Өскемендегі автобустардың жолақы бағасы бұрынғыдай 75 теңге емес, 90 теңге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімінің орынбасары Арман Ысқақовтың айтуынша, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, концлагерь тұтқындары, тыл еңбеккерлері, көпбалалы аналарға, «Алтын алқа» иегерлеріне, көз жанары бойынша мүгедектер және азаматтардың өзге де санаттарына арналған жеңілдіктер қалады. 70 жастан асқан зейнеткерлер үшін жолақы құны 50 теңге, мектеп оқушыларына — 45 теңге деп белгіленіп отыр. Ал студенттерге жолақы билеттері 50 пайыздық жеңілдікпен сатылады.

Жолақының көтерілуіне жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауы себеп болып отыр. Қалалық автопарктерде жүргізушілер тапшы. Сондай-ақ, қоғамдық көліктердің 70%-ы — ескірген. Бұл талқылаулар бір айдан астам уақыт жалғасты және тараптардың мүдделерін қорғауда үлкен келіспеушіліктер орын алған да болатын. Дегенмен депутаттар мен тасымалдаушылар бір ымыраға келді.

Ысқақовтың мәлім еткеніндей, бұл тариф тасымалдаушылардың барлық шығындарын толтыруға жетеді. Автопаркті жаңарту мәселесі арнайы бағдарлама арқылы шешілуі ықтимал. Сонымен қатар, оның айтуынша, тасымалдаушылардың қызмет сапасы біршама артуы тиіс.  


 

Соңғы жаңалықтар