Өскеменде жылу электр стансасынан өрт шыққан - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде жылу электр стансасынан өрт шыққан

Өскеменде жылу электр стансасынан өрт шыққан

Өскемен қаласындағы Согринская көшесінде орын тепкен жылу электр стансасының №2 конвейерінен өрт шыққан. 

  • 2 Маусым 2014
  • 316
Фото - Caravan.kz


Кеше күндізгі сағат 16-лар шамасында мұнда 40 метрлік транспортерлік таспа, электр кабелі мен бункердегі 20 тонна көмір тұтанған. 

Аумағы 40 шаршы метрді шарпыған тілсіз жау сағат түнгі 22-лер шамасында ауыздықталды. Оны сөндіру жұмыстарына Шығыс Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 65 адамы мен 16 техникасы, ҚР ТЖД 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.