Өскеменде жылу электр стансасында өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 465.08
  • 536.52
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде жылу электр стансасында өрт шықты

Өскеменде жылу электр стансасында өрт шықты

Өскемен жылу электр стансасында градильдік ғимаратының шатыры және оның технологиялық процеске қосылмаған пластикалық тетіктері - шамаме

  • 17 Мамыр 2017
  • 209
Фото - Caravan.kz

Өскемен жылу электр стансасында градильдік ғимаратының шатыры және оның технологиялық процеске қосылмаған пластикалық тетіктері — шамамен 400 шаршы метр аумақ өртеніп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ШҚО ТЖ департаментінің хабаррлауынша, өртті сөндіруге 20 дана техника мен жеке құрамнан 80 адам жұмылдырылған. Өрттің мән-жайы мен себептері анықталуда. Оқиға орнында сынамалы өрт зертханасы жұмыс істеп жатыр.

Градильдік орын бұл — суды суыту қондырғысы, онда қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Өрттен өзге цехтарға қауіп төніп тұрған жоқ және оқыс оқиға ЖЭС жұмысына кедергі келтірмеді.