Өскемендегі Аманжолов университетінде Қазақстанда жоқ мамандық ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемендегі Аманжолов университетінде Қазақстанда жоқ мамандық ашылды

Өскемендегі Аманжолов университетінде Қазақстанда жоқ мамандық ашылды

Өйткені олар аэрофототүсірілім жасап, материалдарды өңдеп һәм қайта құрастыра алады

  • 25 Тамыз 2018
  • 49
Фото - Caravan.kz

Жаңа оқу жылынан бастап Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ республикада тұңғыш болып цифрлы гуманитаристика мамандарын дайындайтын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жаңа мамандық аталмыш ЖОО-ның тарих факультетінде ашылды.

Түсіндіреміз: Цифрлы гуманитаристика – гуманитарлы-әлеуметтік ғылымдар мен компьютер технологиясындағы әдістеме мен тәжірибені ұштастыра алады. Бұл мамандарға музейлерде, архивтерде, білім мекемелерінде және археологиялық зерттеу жұмыстарында сұраныс көп.

– Мысалы, GIS-технологияларын меңгерген бұл мамандар археология саласына ауадай қажет. Өйткені олар аэрофототүсірілім жасап, материалдарды өңдеп һәм қайта құрастыра алады, – дейді университеттің Қазақстан тарихы кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Жанна Әубәкірова.