Өскемендегі ҰБТ-ның орташа көрсеткіші 88,8 балл
2011 жылғы оқу жылында өткен ҰБТ қорытындысы бойынша Өскемен оқушыларының орташа көрсеткіші 88,8 балды құрады. |
Қалалық білім беру басқармасында хабарлағандай, 1589 өскемендік түлектің 95 пайызы 50 балдан жоғары ұпай жинаған. Оның ішінде оқушылардың 80 пайызы 70 балл және одан да жоғары ұпай жинап, «жақсы» баға алған. №16 орта мектептің түлегі Назым Сабекова 125 ұпайдан 124 балл алған. Жалпы алғанда 2011 жылғы ҰБТ қорытындысы былтырғы жылмен салыстырғанда артқан, 2010 жылы орташа көрсетекіш 86,9 балл болған еді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін