Жиырма жастағы фокусшы аяғынан кранға ілініп, биіктікке көтерілгеннен кейін жиналғандардың алдында денесіне оралған шынжыр мен жындыхана жейдесін лезде шешіп, төменге лақтырды. Антон Росс бұл өнерін жұрт алдында паш етпес бұрын ұзақ дайындалыпты. Бірақ барлығы сәтті болатынына сенбеген. Трюкты орындамастан бұрын тіпті «өліп кетсем, ешкімді кінәламаңдар» деген қолхат та жазған екен.
Антон Росс, иллюзианист:
—Менің атам циркте жұмыс істеген. Ол буынсыз адам ретінде түрлі трюктарды орындапты. Мен де оған ұқсағым келді. Сондықтан фокус жасауды үйрене бастадым.