Өскемендікті тұрғынды үйдің ауласында тонап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемендікті тұрғынды үйдің ауласында тонап кетті

Өскемендікті тұрғынды үйдің ауласында тонап кетті

Өскемендікті тұрғын үйдің ауласында тонап кетті.

  • 21 Қазан 2021
  • 38
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

11 қазанда Өскемен қаласы Полиция басқармасы Үлбі ПБ кезекші бөліміне 37 жастағы әйел хабарласып, сағат 05.20 шамасында Гагарин бульвары көшесінде күш қолдана отырып, қолындағы алтын сақина мен қымбат смартфоның тартып алып, оны тонап кеткенін айтқан. Одан әді шабуылдаушы оқиға орнынан қашып кеткен. Осылайша, жәбірленушіге 100 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері сол күні “ізін суытпай” қылмыс жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Күдіктіден жауап алу кезінде ол кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.



 

Соңғы жаңалықтар